Жаңалықтар

Қазақстан – көп ұлтты еуразиялық держава – христиан мен мұсылман әлемінің рухани дәстүрлерін үйлестіріп отыр, сондықтан басты діни мерекелер бұл елде ұлттық көлемде атап өтіледі

Бөлісу

Ол туралы бүгін Алматыда жыл сайын 7 қаңтарда өтетін Христос Рождествосы қарсаңында дәстүрлі өтетін баспасөз конференциясында ҚР Митрополиттік округ басшысы, әмірші Александр айтып кетті.

Митрополит 7 қаңтарға қараған түнде елдің барлық 300 православие шіркеулерінде мерекелік құлшылық ету өтетінін атап кетті. Оны ол өзі Алматы қаласында Вознесенск кафедралды шіркеуінде өткізеді, ал 7 қаңтарда кешке митрополит дін басылары, қауым мүшелері мен барлық отандастарды Рождество мерекесімен құттықтау рәсімін өткізеді.

Рождествода Вифлемнен пождестволық қасиетті алау жеткізіледі. «Біздің скауттарымыз - жасөспірімдер, жастар Иерусалимде болып келді, сондықтан біздер бейбітшілік пен құдай сүйіспеншілігі, Христос Рождествосына, осы бір ұлы күнде, Құтқарушы дүниеге келген орында бастау алған Қасиетті отты қарсы аламыз деп үміттенеміз» - деді митрополит.

Әмірші Александр атап кеткендей, Рождество - Иса пайғамбардың тууына сәйкес белгіленген басты христиан мерекелерінің бірі. Және 2005 жылы енгізілген дәстүр бойынша біздің елімізде осы күні ұлы Құрбан айт мұсылман мерекесімен қатар демалыс күні болып табылады.

«Салқын ауа - райына қарамастан әр епархияда шіркеу өмірі үшін қажетті және елеулі іс-шаралар өткізілетін болады. Оның ішінде жетім-жесірлерге көмек көрсетіледі, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар тағдырына да мойын бұрамыз. Алты епархияның әрбірінде жоспарланып отырған мерекелік іс-шаралардың тізімі бар екендігін атап кетемін», - деді әмірші.