Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының баспасөз қызметінде IslamSNG.com хабарлауынша, іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде Бүкіләлемдік ислам лигасы, Қазақстанның МДБ, республиканың сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Сауд Аравиясындағы, Ресейдегі және ТМД-ның басқа мемлекеттеріндегі елшіліктері болып табылады.
«ТМД елдерінің шамамен 30 мүфтиі қатысатын алғашқы діни саммитінің барысында ТМД елдерінде исламның дамуымен байланысты мәселелер, мүфтияттардың рөлі, сондай-ақ, елдеріміздегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары талқыланатын болады», - деп ұйымдастыру комтетінде атап айтылды.
Бұдан басқа, конференция шеңберінде Қазақстан елордасының «Нұр-Астана» орталық мешітінде өткізілетін Қазақстан тарихында тұңғыш рет Құран оқу бойынша халықаралық сайыс өткізу жоспарланады. ТМД елдерінен 30-ға жуық жас Құран оқушылар қатысады деп күтілуде.