Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) кеше Алматыда Мұхаммед пайғамбардың туған күні - мәулітке арналған салтанатты мереке ұйымдастырылды. Бұл мереке исламдағы басты мерекелердің бірі болып табылады және бір ай бойы өтеді.
Орталық Азия және Қазақстанның ҚМДБ мен Мүфтилер кеңесінің төрағасы Жоғарғы мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі діни қауымды осы нұрлы мейраммен құттықтады.
- Біздің діни басқарма мен Қазақстанның барлық мұсылмандары Мұхаммед пайғамбардың туған айы мен күнін барлық адамдар арасындағы достық пен сүйіспеншілік, келісім мен өзара көмек көрсетуді нығайту үшін тағы да бір мейірімді себеп ретінде пайдаланады, - деді ол.
Басқа кез-келген діни іс-шара ретінде, мәуліт (арабша «туған күн» дегенді білдіреді) намаз оқудан басталды. Құран сүрелерін діни қызметкерлер мәнерлеп оқыды. Алла тағаланың құрметіне тағзым етулер, сондай-ақ, пайғамбардың өмірі мен туу туралы тақпақ түріндегі әңгімелер мен діни өсиеттер айтылды. Діндар адамдар Аллаға ризашылығын білдіріп, мұсылмандар Жаратушының елшісі деп есептейтін Мұхаммед пайғамбардың туғанына қуанышын білдірді.
Әбсаттар қажы түсіндіргендей, мұсылман күнтізбесі бойынша исламның негізін қалаушы болып табылатын пайғамбардың туған күні мұсылман (ай) күнтізбесі бойынша рабиа әл-әууәл айының 12-ші жұлдызына қараған түні аталып өтіледі. Григориан стилі бойынша үстіміздегі жылы мәуліт 14 ақпаннан 14 наурызға дейінгі мерзімге келеді.
Пайғамбардың кезінде оның туған күні атап өтілмеген, дәстүр кейіннен пайда болды. Алғаш рет мәуліт VII ғасырда Ірбіл (солтүстік Ирак) қаласының әмірінің бұйрығымен атап өтіле бастады. Сол кездерде әлдекім ибн Дихъя - құдайдан қорқатын адам - «Мәуліт - дінге құлшылық етушілерге шаттыққа бөлеуге уәде беретін және күнәхарларға ескертететін пайғамбардың туған күні» пайғамбардың туу туралы қызықты кітап жазды. Әмір авторға мың динар сыйлап, оның кітабын мәуліт кезінде оқуға рұқсат берді. Содан бері жыл сайын пайғамбардың туған күні тойланып келеді.
ҚМДБ-да мәулітке қарсы барлық мешіттерде пайғамбарды мадақтайтын қасиетті Құранның сүрелері оқылып, жалпы намаз оқу жүргізілетінін айтылды. Имамдар бұл уақытты өз келушілерінің моральдік-рухани, діни тәрбиесі үшін, адамдарды жақсылық жасап, жамандықтан жиренуге шақыратын Құранды бірлесіп оқу үшін пайдаланады. Пайғамбардың өмірі, діни қызметкерлердің айтуы бойынша, Алла тағалаға құлшылық ету үлгісі болып табылады. Оның үлгісі мұсылмандарда сана-сезімнің тазалығы, басқа діндерге шыдамдылық, басқалардың қателерін кешіре білу, адамдар алдындағы адалдық пен оларға жәрдем беру дайындылығы сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырған мәулітке түрлі үлт өкілдері бас қосты. Осыны дұрыс деп есептейді шейх Әбсаттар қажы, өйткені қасиетті хадиске сәйкес, барлық діндарлар - бір-біріне ағайын. Діншіл адамдар өз кезегінде, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізетін бейбіт саясаттың арқасында, сондай-ақ, қоғамдағы өзара құрметтеу мен толеранттылық, ашықтық пен мейірімділіктің арқасында мұсылмандар бүгінгі күні осы мейрамды кеңінен тойлай алады. Сондықтан бейбітшілік, тыныштық пен бір-біріне деген сүйіспеншілікті сақтаған маңызды. Осылай ғана біз Отанымыздың келешектегі гүлденуін қамтамасыз ете аламыз дейді сөз сөйлегендер.