Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Дүниежүзілік мұсылман лигасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің қорытындыларына жоғары баға берді

Бөлісу

2025 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының Джиддедегі Бас консулы Руслан Коспанов Бүкіләлемдік ислам лигасының (БИЛ) Меккедегі штаб-пәтерінде Лиганың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас хатшысының орынбасары Мұхаммад әл-Мәждуимен кездесті. Тараптар Қазақстан мен БИЛ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады.

БИЛ өкілі Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VIII съезінің табысты өтуін жоғары бағалап, оның толеранттылық пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ Бас хатшы шейх Мұхаммад бен Абдулкарим әл-Иссаның Съезге қатысуы және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі екіжақты сенім мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Парламенті Сенаты мен БИЛ арасындағы өзара іс-қимылдың нығайып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстарды достық пен ынтымақтастық рухында одан әрі дамытуға уағдаласты.