Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Сенат төрағасының орынбасары Александр Судьин Израиль Мемлекетіне сапар барысында Иерусалим патриархы ІІІ Теофилге, Сефардтың бас раввині Шломо Амарға және Ашкеназидің бас раввині Йон Мецгерге діни лидердің IV Съезіне қатысуға арналған Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәмидің жеке шақыруын табыс етті.

А.Судьиннің Иерусалим патриархымен, Израильдің бас раввиндерімен кездесулерінде мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуларды ілгерілету, жаһандық ынтымақтастық пен халықтар және мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті дамыту мәселелері талқыланды.

А.Судьиннің Израиль Кнессеті төрағасының орынбасары Яаков Эдримен, Парламентаралық «Казахстан - Израиль» достық ассоциациясы лигасының төрағасы Фаина Киршенбауммен кездесулерінде парламентаралық үнқатысуды одан әрі белсенділендіру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

А.Судьин мемлекетаралық қатынастарды дамытуда парламентаралық байланыстардың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан мен Израильдің жоғары өкілді органдары арасындағы байланыстарды нығайтудағы израильдік әріптестерінің үлесін атап өтті.

Израиль мемлекеті премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Авигдор Либерманмен кездесуде А.Судьин биылғы жылғы Жолдаудың ережелері және қазақстандық экономиканы индустрияландыру  мен әлеуметтік жаңғыру саласындағы Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер туралы айтып берді.

Сенат төрағасының орынбасары «Қазақстан және Орталық Азия» дипломатиялық семинарына құрметті мейман ретінде қатысып, Израиль Сыртқы істер министрлігіндегі дайындық курстары институтының кадеттері алдында тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдағы табыстары туралы баяндама жасады.