Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 30-31 мамырда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің IV Съезіне Римнің XVI Папасы Бенедиктке шақыруын Мемлекет басшысының арнайы өкілі, еліміздің Парламенті Сенатының депутаты Ғани Қасымов Ватиканда табыс етті.

Ватиканда болған кезінде Қазақстан делегациясының басшысы Ғ.Қасымов сонымен бірге Папа кеңесінің дінаралық үқатысу жөніндегі президенті Жан-Луи Торанға, Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонеге, Киелі Эджидио қоғамының негізін салушы Андрэа Риккардиге Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің ресми шақыруын да табыс етті.

Рим-Католик шіркеуінің өкілдері діни лидерлер Съезін шақыру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың бастамасы маңызды екенін және мәдениет пен діни үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның үлесін атап өтті.

Қазақстан делегациясымен кездесуде Рим-Католик шіркеуінің өкілдері Астанадағы діни Форумға жоғары деңгейде қатысуға әзірлігін білдірді.