Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

2012 жылғы 23 наурыз күні Мәскеуде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Ресей  Муфтийлер Кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдинге мамыр айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезіне ресми шақыруды табыс етті.

Ресей  Муфтийлер Кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдин қазақстандық делегациямен кездесу кезінде Қазақстан және Ресей мұсылмандарын достық қатынастар байланыстырады деп атап өтті. Сонымен қатар, ол қазақстандық тарапқа Мәскеулік мешітті қайта жөндеу туралы бастамаға қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Равиль Ғайнутдинге «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі табыс етілді.

«Бұл марапаттауды мен ресейлік мұсылмандардың, барша мұсылмандардың екі ел арасындағы достық, өзара түсіністік пен бауырластық  қарым-қатынастарға қосқан үлесі деп қабылдаймын», – деді Р.Ғайнутдин.

Кездесуге Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф пен Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Зауытбек Тұрысбеков қатысты.