Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Ү.ж. 16 сәуірінде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Египет Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдалла Омар әл-Арноси мырзамен кездесті. 

Кездесуде әл-Азхардың Бас имамы шейх Мұхаммад Ахмад ат-Тайиб пен Уақыфтар министрі Мұхаммед Абдель Фадиль әл-Кусидің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезіне қатысу мәселелерін талқылады, әсіресе Дін лидерлері кеңесін құру мәселесіне ерекше мән берілді.

Египет Елшісі Абдалла Омар әл-Арноси Дін лидерлері кеңесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің жұмыстарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге жағдай туғызатынын және конфессияаралық диалог сындарлылығының кепілі болатындығын атап өтті.