Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Ү.ж. 16 сәуірінде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті.

Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезін өткізуге дайындық жұмыстары талқыланды. Тараптар Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің, Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиннің Астанаға сапарлар мәселелеріне, сондай-ақ Съезге шақырылған Ресейдің дінтанушылары мен көрнекті қоғам қайраткерлерінің белсене қатысуына ерекше назар аударды.

«Ресей тарапы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу жөніндегі бастамасына үлкен құрмет пен қолдау білдіреді. Патриарх Кириллдің IV Съезге қатысатыны екі елдің сындарлы өзара бірлесіп жұмыс жасауын одан әрі жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп атап өтті Михаил Бочарников.