Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

2012 жылдың 16 сәуірінде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эсенғұл Омуралиевпен бірінші танысу кездесуін өткізді. 

Кездесу барысында Қайрат Лама Шариф Эсенғұл Омуралиевті елші болып тағайындалуымен құттықтап, бауырлас Қырғызстанның жаңа елшісіне Қазақстандағы дипломатиялық қызметіне табыстар тіледі.

Сонымен қатар, Астанада ү.ж. 30-31 мамырында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезін өткізуге дайындық жұмыстарымен таныстырды. Эсенғұл Омуралиев өз кезегінде Қырғызстанның Бас мүфтиі Чубак қажы Жалиловтың, «Дін, құқық және саясат» тәуелсіз аналитикалық орталығының директоры Қадыр Мәліковтың және қоғам қайраткері Ишенбай Әбдіразақовтың Съезге қатысатынын растады.