Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәми Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесінің Төрағасы, дін лидерлері Кеңесінің мүшесі Жан-Луи Торанмен кездесті.
Жан –Луи Торан Астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдық мерейтойы аясында Съезд Хатшылығының ХІІ отырысының құрметті қонағы ретінде және «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға келген.
Ватиканның жоғары дәрежелі өкілі кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Рим Папасы Францисктің шынайы ықласын жеткізді.
Жан –Луи Торан бүгінгі күндері әлемде орын алып жатқан оқиғалар әртүрлі дін өкілдерінің арасында табанды үнқатысу болуы керектігін дәлелдей түсетіндігіне тоқталды. Қазақстан дінаралық үнқатысудың болашақта жан-жақты қолдауды қажет ететін моделін жасады, деді ол.
Өз кезегінде Сенат Төрағасы Ватикан басшылығына қазақстандық бастаманы қолдағаны, Астана Съезінің бәріне де көрнекті өкілдерімен жоғары деңгейде қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Ватикан Қазақстанның маңызды саяси әріптесі екені атап өтілді. Екі ел расындағы белсенді байланыстар Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым –қатынас туралы Келісімнен көрініс тапты. Қазақстан ТМД елдері мен Орта Азиядағы Киелі Тақпен осындай құжатқа қол қойған бірінші ел.
Тараптар сондай-ақ 2012 жылы мамырда өткен IV сьезд барысында құрылған Дін көшбасшылары Кеңесі туралы да әңгіме қозғады. Сенат Төрағасы өз сөзінде Астана форумы он жылда өзінің қажеттілігін дәлелдей отырып, жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі маңызды алаңға айналғанын атап өтті.