Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Абай күні құтты болсын!

Бөлісу

«Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕAҚ сіздерді Абай күнімен құттықтайды!  

Абайдың шығармашылық әрі рухани мұрасы қазақ халқының тарихы мен әлемдік мәдениетте ерекше орын алады. Ұлы ақын әрі ойшыл ұлт болашағын ағартушылықта, жауапкершілікте, бірлік пен келісімде көрді.

Оның «Қара сөздері» бүгінгі күні де диалог мәдениетін, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға шабыттандырады. Бұл құндылықтар – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы қызметінің басты негізі.  

Осы бағдарларды басшылыққа ала отырып, Қазақстан екі онжылдықтан астам уақыт бойы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу арқылы дінаралық және конфессияаралық диалог дәстүрлерін жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл бірегей халықаралық алаң рухани дипломатияны ілгерілетудің маңызды құралына айналды.

Осы жасампаз миссияда халықтың күшін ағартушылық пен ортақ игілікке ұмтылудан көріп, бірлік пен келісімге үндеген Абайдың идеялары өзінің заманауи көрінісін табуда. Бүгінде бұл құндылықтар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік мәдениетін, өркениеттер диалогын нығайтуға және «әралуандықтағы бірлік» қағидатын ілгерілетуге бағытталған сыртқы саяси бағытында дәйекті түрде көрінеді.  

Биыл біз Абай күнін мемлекеттілігімізді дамытудың жаңа кезеңін ашқан ауқымды конституциялық өзгерістер кезеңінде атап өтудеміз. Қоғамдық келісім, диалог және өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген бұл реформалар сенім, жасампаздық пен бірлік мемлекет пен қоғамның дамуын айқындайтын Әділетті Қазақстанды құрудың берік іргетасы болатынына кәміл сенімдіміз.

Мерекелеріңізбен! Абай күні құтты болсын!