Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Халықаралық орталық және португалиялық IPDAL институты серіктестіктің дамуын талқыланды

Бөлісу

Астана, 27 сәуір, 2026 ж.

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы және Латын Америкасы мен Кариб алабын ілгерілету бойынша Еуропадағы беделді португалиялық институт (IPDAL) бейнеконференция форматында танысу кездесуін өткізді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты орнату және дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ әртүрлі халықаралық және сараптамалық алаңдарда өзара әрекеттестіктің ықтимал бағыттарын қарастырды

Орталық Басқарма Төрағасы Гүлсана Қожабай IPDAL Президенті Паулу Невешті институт қызметінің 20 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның жаһандық диалогты ілгерілетудегі тарихи миссиясын атап өтті. Латын Америкасындағы серіктестіктерді дамытуды қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Төраға қазіргі кезеңде Орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі қызметінің сараптамалық трегін сапалы күшейтуге басымдық беретінін атап өтті. Рухани келісімді ілгерілетумен қатар, Орталық жаһандық сын-қатерлер мен трендтерге жауап ретінде тәжірибеге бағытталған шешімдерді әзірлеуді мақсат етеді.

Өз кезегінде, IPDAL Президенті Қазақстанның маңызды байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтіп, әлемдік қоғамдастықтың Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Ол талдау қызметті, ауқымды іс-шараларды өткізуді және экономикалық және гуманитарлық салаларда практикалық шешімдерді әзірлеуді біріктіретін институттың құрылымымен таныстырды.

Аргентинадағы мұсылман Ахмадия қауымдастығының басшысы Имам Марван Гилл Қазақстанның барлық әлемдік конфессиялардың көшбасшылары арасындағы диалогты қамтамасыз ету қабілеті халықаралық тәжірибеде сирек кездесетін жетістік екеніне ерекше тоқталып, қазақстандық платформаның бірегейлігін айқындады.

Тараптар орталықтың сараптамалық жобаларын, соның ішінде ЖИ этикалық кодексін және Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діннің рөлі туралы құжаттарды талқылады. IPDAL өкілдері жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, экологиялық мәселелерге орай халықаралық алаңдаушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Өзара әрекеттестікті ресми бекіту мақсатында тараптар өзара түсіністік туралы Меморандум дайындауға ниет білдірді. Құжатқа қол қою серіктестікті құрылымдаудың және бірлескен бастамаларға көшудің алғашқы қадамы болмақ.

Ынтымақтастықтың практикалық бағыттары ретінде: Португалия тарапының Съездің сараптамалық дөңгелек үстеліне қатысуы, IPDAL алаңында Орталық пен Съезд Хатшылығының жобаларының тұсаукесерін өткізу, сондай-ақ 2027 жылдың көктемінде "Мафра диалогы" форумына қатысу белгіленді.