Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Сараптама қызметін жетілдіру мәселелері бойынша Орталық қызметкерлерінің Алматы қаласына жұмыс сапары

Бөлісу

2026 жылдың 18–19 наурызында Орталықтың Дінтану сараптамасы департаментінің директоры Эльмира Бірәлі және бас сарапшысы Айдана Сабиева Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында дінтану сараптамасына материалдарды дайындау және жолдау саласында кешенді практикалық, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында негізгі мәселелер бойынша кездесулер өткізді.

Іссапар барысында Алматы қаласы Дін істері басқармасының қызметкерлеріне дінтану сараптамасына ұсынылатын материалдарды іріктеу процесін жетілдіру бойынша практикалық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, басқарма тарапынан ұсынылған нақты объектілер мен кейстер негізінде материалдарды сараптамаға іріктеу тетіктері пысықталып, әртүрлі діни бағыттағы материалдардың арту үрдісі, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты материалдарды рәсімдеу тәртібі мен олардың мазмұндық ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде нақты практикалық ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, Орталық қызметкерлері Алматы қалалық Дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдерімен де кездесті. Кездесу барысында дінтану сараптамасының практикалық аспектілері, діни мазмұндағы материалдарды тарату ерекшеліктері және материалдарды сараптамаға жіберудің тәртібі талқыланды. Кездесуде қызметкерлер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауаптар беріліп, нақты практикалық-әдістемелік шешімдер ұсынылды.