28 ақпан - 8 наурыз аралығында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Зәуре Малғараева және бас сарапшысы Замира Әбішева Алматы қаласының діни ахуалына мониторинг жүргізу және зерделеу мақсатында іссапарда болды.
Іссапар барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов мырзадан, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Дулат Ибрагимовтен және өзге де дін саласындағы білікті мамандардан сарапшылық сұхбаттар алынды.
Сонымен қатар Діни бірлестіктер өкілдерімен кездесу өткізіліп, діни ғибадатханаларға мониторинг жүргізілді.