Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Орталықтың басқарма төрайымының Халықаралық Баhаи қауымдастығы өкілдерімен кездесуі

Бөлісу

2025 жылғы 30 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында басталған кеңейтілген диалогты жалғастыру шеңберінде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы басқармасының төрайымы Гүлсана Қожабай Халықаралық Баһаи қауымдастығының өкілімен кезекті кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын атап өтіп, халықаралық серіктестік, жасанды интеллектті дамыту, климаттық бастамалар және тұрақты даму міндеттері салаларындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап көрсетті.

Тараптар Халықаралық орталық базасында және Баһаи алаңдарында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру туралы уағдаласты. Келіссөздер барысында стратегиялық, ұйымдастырушылық және ақпараттық бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды: «2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясы» идеяларын ілгерілету, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ климат пен жасанды интеллект этикасы мәселелері бойынша жұмыс топтары форматында өзара әрекеттесу.

Бахаи қауымдастығының өкілдері Қазақстанның жаһандық дінаралық диалог орталығы ретіндегі рөлін жоғары бағалап, елдің бейбітшілік мәдениеті мен рухани дипломатияны ілгерілетудегі табысты үлгісін ерекше атап өтті. Кездесу соңында Қазақстандағы Баһаи қауымдастығының Қоғамдық ақпарат кеңсесінің директоры Ләззат Яңғалиева Орталық басқармасының төрайымын Хайфа қаласындағы Баһаи дүниежүзілік орталығына шақырды.

Кездесу тараптардың әріптестікті тереңдетуге деген өзара ұмтылысын растады және бейбітшілік, этика және тұрақты даму салаларындағы ортақ мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.