Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Дэвид Рудштейнмен екі жақты кездесу

Бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезд аясында Бүкіләлемдік бахаи қауымдастығының өкілдерімен, ұйым жетекшісі Дэвид Рудштейн бастаған делегациямен кездесу өтті.

Әңгіме барысында қонақтар Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, еліміздің бастамалары арқасында сенімге, өзара түсіністікке және бейбітшілікті нығайтуға арналған бірегей алаңдар құрылып жатқанын атап өтті. Әсіресе Қазақстанның диалог мәдениеті мен рухани дипломатияны ілгерілету ісінде бүкіл халықаралық қауымдастық үшін маңызды үлгіге айналғаны ерекше айтылды.

Тараптар діндер мен халықтар арасындағы өзара құрметті нығайтуға бағытталған бастамаларға бірлесіп қатысу және алдағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.