Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕР АЛЬЯНСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ДІНИ НЫСАНДАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ СЕССИЯ

Бөлісу

2025 жылғы 16 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында алғаш рет БҰҰ Өркениеттер Альянсының (UNAOC) жетекшілігімен Діни нысандарды қорғауға арналған Арнайы сессия өтті. Іс-шараға діни лидерлер, дипломаттар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар діни ғибадат үйлеріне төнетін қауіптердің артуын, вандализм актілері мен діни төзімсіздік жағдайларын талқылап, халықаралық деңгейде үйлестірілген жауаптың маңыздылығын атап өтті. Ерекше назар БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиностың жетекшілігімен әзірленген Діни нысандарды қорғау жөніндегі БҰҰ Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға аударылды.

Сессия Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогтағы белсенді қатысушы ретіндегі мәртебесін растады және Съездің рухани дипломатияның халықаралық алаңы ретіндегі маңызын нығайтты.