Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Еуразия еврейлерін қолдау ұлттық коалициясының (NCSEJ) атқарушы вице-төрағасы және бас директоры Марк Левинмен кездесу

Бөлісу

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының (ICIID) Басқарма Төрайымы Гүлсана Қожабай Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер Альянсының діни нысандарды қорғауға арналған арнайы сессиясы аясында Еуразия еврейлерін қолдау ұлттық коалициясының (NCSEJ) атқарушы вице-төрағасы және бас директоры Марк Левинмен кездесу өткізді.

Кездесу дін бостандығы мен конфессияаралық диалог саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Тараптар әңгіме барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясында еврей қауымдастығының бастамаларға қатысуы, бірлескен ағартушылық және жастарға арналған жобалар, сондай-ақ Съездің халықаралық деңгейдегі қызметін дамыту мен күшейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында еврей қауымдастықтарының мәдени бірегейлігі, тұрақты дінаралық диалогтың маңызы мен өзара түсіністік пен төзімділік құндылықтарын ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қос тарап өзара қызығушылық пен одан әрі диалогқа ашық екендерін білдірді.