2025 жылдың 23-24 маусымында «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарт – ISO 37001:2016 стандартына сәйкестігі бойынша менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаттауынан сәтті өтті.
Сертификаттау аудитін тәуелсіз халықаралық CERT International органы (Братислава қ., Словакия) жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша Орталыққа IAF жаһандық тізілімінде тіркелген ресми сертификат беріліп, оның халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді.
Аталмыш сертификатты иелену КДДХО -ның қызметінің негізінде жатқан этика, транспаренттілік және адалдық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді. Бұл құндылықтар дінаралық және мәдениетаралық диалогты одан әрі тиімді дамыту, сенімді нығайту және Халықаралық орталықтың институционалдық тұрақтылығын арттыру да шешуші мәнге ие болып отыр.