Жаңалықтар

Солтүстік Кипр делегациясы Халықаралық орталыққа ресми сапармен келді

Бөлісу

2025 жылдың 13 маусымында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығына елімізге ресми іс-сапар аясында  Солтүстік Кипр Парламентінің делегациясы келді. Қонақтарды Халықаралық орталықтың Басқарма Төрағасы м.а. Марат Қалижанов қабылдады.

Кездесуге Солтүстік Кипр Мәжілісінің Төрағасы Зия Өзтюрклер, елшілік қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов қатысты.

Делегация мүшелері Бейбітшілік және келісім музейін аралап, этносаралық келісім мен конфессияаралық диалог тақырыптарына арналған экспозициялармен танысты.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған іс-шараларды бірлесе қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.