Жаңалықтар

Сауд Арабиясы елшілігінде кездесу өтті

Бөлісу

2025 жылғы 29 сәуірде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы м.а. Марат Қалижанов Сауд Арабиясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фейсал Ханиф әл-Кахтанимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар 2025 жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық мәселелерін талқылады. Сауд Арабиясы делегациясының Съезге қатысуы және дінаралық диалогты дамытудағы ықпалдастығы басты назарда болды.

Фейсал Ханиф әл-Кахтани мырза Сауд Арабиясы Корольдігінің дінаралық өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды қолдайтынын, Қазақстанның конфессияаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалайтын атап өтті.

М. Қалижанов өз кезегінде Сауд Арабиясының Съезге қатысуы дінаралық келісімді нығайту жолындағы маңызды қадам екенін айтып, екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің табысты өтуі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады.