2025 жылдың 13 наурызында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» ақпараттық сүйемелдеу мақсатында «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б. Бакиров арнайы дәріс оқыды.
Аталған шара студент жастарға арналған Республикалық дөңгелек үстел аясында өткізілді. Дәріс университеттің студенттері мен қызметкерлерін, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан тыңдаушыларды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін одан әрі дамытудың негізгі идеялары мен стратегиялық бағыттарымен таныстыруға арналған. Дәрісте Съездің дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайтудағы, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімнің жаһандық мәдениетін ілгерілетудегі рөлі атап өтілді.