2025 жылдың 27 ақпанында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма төрағасының м.а М.Қалижанов Мұсылман ақсақалдар кеңсесінің Орталық Азия кеңсе директоры Мұхамед Еламин Атта Әмин Мұхамедпен кездесті.
Мұсылман ақсақалдар кеңесі 2014 жылы Әбу-Дабиде (БАӘ) бейбітшілікті нығайту, толеранттылық пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілету, экстремизм мен конфессияаралық қақтығыстармен күресу мақсатында құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым.
Шақырылған тарап Кеңестің атқарып жатқан жұмыстары мен жергілікті және шетелдік түрлі мекемелермен тығыз байланысы туралы мәлімдеді. Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Орталық Азиядағы кеңсе директоры алдағы уақытта Орталықпен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді. Қонақтар жасанды интеллект тақырыбының, сондай-ақ жастардың үні мен олардың белсенділігінің маңызын атап өтті. Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстардың бағытын талқылады.