2025 жылдың 26 ақпанында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы м.а. М.Қалижанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мұсылман ақсақалдар Кеңесі бірлесе ұйымдастырған «Жасанды интеллект және этика: тұрақты болашақ» атты семинарға қатысты.
Семинар сандық технологиялар, этика және дінтану саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіріп, өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллектті енгізуге, Орталық Азияда осы технологияларды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ басқа да этикалық және құқықтық аспектілерді талқылады.
Іс-шара бағдарламасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің мемлекеттік және жеке ұйымдары, жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің баяндамалары оқылды.