Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасының м.а. М. Қалижанов Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің өкілдері С. Карамышев, Д. Байдекпен, Рим-Католик шіркеуінің өкілі Т. Пэта және «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық ұйымының өкілі Бернд Фалкпен кездесті.
2025 жылдың 7 ақпанында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасының м.а. М.Қалижанов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі дайындау аясында Турин кебініне арналған ғылыми-тарихи көрмені өткізуге қатысты Бернд Фалкпен бірлескен кездесу өткізді.
М. Қалижанов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін және оның Даму тұжырымдамасын кеңінен насихаттауға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық ұйымының өкілі Бернд Фалк өз ұйымының мақсат-міндеттеріне тоқталып, дінаралық үнқатысуды ілгерілету жұмысында және алдағы көрмеде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін баса айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конфессияаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы ынтымақтастықты әлі де дамыту, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісті.