Жаңалықтар

Рухани дипломатия: Иерусалим Патриархы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Ізгі ниет Елшісі болып сайланды

Бөлісу

Иерусалим, 2024 жылғы 15 қараша – Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев Иерусалим Патриархы ІІІ Феофилмен кездесіп, оған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Ізгі ниет Елшісі болып сайлануына орай оның куәлігін ресми түрде табыс етті.

ІІІ Феофил ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Съез Хатшылығының басшылығына зор алғысын білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Ізгі ниет Елшісі ретінде үйлесімді әлем құрудың, конфессияаралық диалогты және бүкіл әлемде өзара сыйластықты арттыруға барынша үлес қосатынын алға тартты.

Д. Ембердиев рухани көшбасшыға Қазақстанның бастамаларын үнемі қолдайтынына шынайы ризашылығын білдіріп, Патриархтың сайлануы жаһандық дінаралық диалогты әрі қарай ілгерілетуге жаңа серпін беретінін, сондай-ақ әлемдегі рухани дипломатия институтын күшейтетінін атап өтті.

Анықтама: ағымдағы жылдың 8 қазанында Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысының делегаттары 5 Ізгі ниет Елшісін сайлады. Иерусалим Патриархы III Феофилмен бірге бұл лауазымға атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де сайланды.