Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында Орталық басқарма Төрағасының орынбасары Б.Бакиров «IRF Secretariat» Бас директоры Г. Митчелмен, «LYN Community» Бас директоры У. Кьюсакпен, сондай-ақ «Алмагүл» пресвитериан шіркеуінің Басшысы А. Аренбаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Басқарма Төрағасының орынбасары Б. Бакиров Қазақстан үшін діни сенім бостандығын қамтамасыз ету бойынша АҚШ азаматтық қоғамының үкіметтік емес ұйымдарының секторымен ынтымақтастықтың басымдығын атап өтті. Өз тарапынан АҚШ өкілдері кездесуге жылы қабылдау үшін ризашылықтарын білдірді, сондай-ақ халықаралық деңгейде бейбіт диалог пен келісімді ілгерілетуде қазақстандық бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін сендірді.
Кездесу соңында ынтымақтастықты нығайту мақсатында тараптар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаласты.