2024 жылы 5 маусымда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында Қазақстанның мемлекеттік органдары, діни бірлестіктері мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты діни сенім бостандығын қамтамасыз ету үшін зайырлы қағидаттарды нығайтуға ықпал ететін дін саласындағы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады. Дөңгелек үстел барысында сарапшылар халықты дін саласындағы заңнаманың негізгі құқық бұзушылықтары, олардың себептері мен алдын ала туралы ақпараттандыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы тезисті ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында кәмелетке толмағандардың ар-ождан мен діни сенім бостандығы құқықтарын сақтау мәселелері, оны іске асыру жолдары мен әдістері қозғалды.
Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру және дін саласындағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.