Жаңалықтар

Татарстан Республикасының Ғылым Академиясында қазақстандық Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының өкілдерімен кездесу өтті

Бөлісу

Татарстан Республикасының Ғылым Академиясының Вице-президенті Айнұр Тимерханов қонақтарды мекеме қызметінің гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы перспективалық бағыттарымен таныстырды. Н.Назарбаев орталығының өкілдеріне Татарстан Республикасының Ғылым Академиясының қалыптасу және даму тарихы, Татарстан ғалымдарының жетістіктері, Татарстан Республикасының Ғылым Академиясының Исламтану зерттеулер орталығының ғылыми зерттеулері туралы айтылды.

Н. Назарбаев Орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Зәуре Малгараева және департаменттің бас сарапшысы Асқар Кенжеев дінтану сараптамасы, салыстырмалы дінтану зерттеулері және діни ахуалды мониторингтеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.