Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығы конфессияаралық диалог бойынша XV Доха конференциясына қатысты

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 7-8 мамырында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының кеңесшісі Болат Сәрсенбаев конфессияаралық диалог бойынша «Өзгермелі әлем аясында отбасы құрылымы: діни аспект. Отбасылардың, сенімнің, құндылықтардың және білімнің интеграциясы» тақырыбы аясында XV Доха конференциясына қатысты. Аталған іс-шара Премьер-Министр - Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман бин Джассим Аль Танидің қамқорлығымен өтті. Конференция аясында отбасы институтын зерттеудің ғылыми әдістерін іздеу, сондай-ақ отбасы құрылымын нығайтуға бағытталған ұйымдар арасындағы серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Конференцияда Доха халықаралық конфессияаралық диалог орталығының (DICID) директорлар кеңесінің төрағасы, доктор Ибрахим бин Салех Аль-Наими оқыған қорытынды коммюникеде отбасылық жүйесін сақтауға діни ілімдер мен құндылықтарды отбасылық өмірге қатысты нұсқауларға айналдыру және ізгі құндылықтар мен этиканың маңыздылық деңгейін көтеру, олардың адам мінез-құлқын бағыттаудағы және отбасының максималды бірлігін қамтамасыз етудегі рөлі мен ықпалын атап өтілді.

Құжаттағы шешуші рөл білім беру саласына болашақ ұрпақты салауатты тәрбиелеудің басты факторы ретінде, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікті нығайту, отбасы институтын сақтау үшін отбасылық құндылықтарды, сенім мен білім беруді интеграциялаудың маңыздылығы туралы маңызды месседждерді тарату арқылы қоғам арасында хабардарлықты арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінген.

Сонымен бірге, конференция аясында Орталық төрағасының кеңесшісі мен Доха халықаралық конфессияаралық диалог орталығының төрағасы доктор Ибрагим бен Салех Аль-Наими, Бас, Әл-Азһар Ислам зерттеулер академиясы, Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд, АҚШ-тың халықаралық дін бостандығы жөніндегі ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Рашад Хусейн, Татарстан SAMK төрағасы Камил Самигуллинмен және т.б. жаһандық конфессияаралық диалогты ілгерілету және әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын іске асыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша екіжақты кездесулері өтті.