Бүгін, 29 сәуірде Конфессиаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әнуар Хатиев Элизабет Кларкпен кездесті.
Кездесу барысында Ә. Хатиев Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, сондай-ақ наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын енгізу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері нәтижелі талқыланды.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.