Жаңалықтар

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Съездің даму Тұжырымдамасын ілгерілету бойынша дәріс өтті

Бөлісу

2024 жылдың 13 ақпанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасында көрсетілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері туралы дәріс өтті. Дәрістің мақсаты - студенттерді Съездің одан әрі дамуымен және оның қазіргі әлемдегі дінаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлімен таныстыру.

Дәріс барысында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының бас консультанты М.Әбішева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің ХХІ Хатшылық отырысында қатысушылар қабылдаған Съезді дамыту Тұжырымдамасының негізгі ережелеріне тоқталды. «Осы Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі түрлі дін мен мәдениет өкілдері арасындағы сыйластықты, түсіністікті және ынтымақтастықты жандандыруға маңызды үлес қосады. Сондай-ақ, түрлі дін өкілдерінің қарама-қайшы көзқарастары адамгершілік пен әділеттілік туралы ортақ идеяларға негізделіп, сенімді диалог арқылы шешіледі деп күтілуде».

Акрамов Данил - ҚазАТИУ фотографы

Студенттер мен оқытушылар құрамы дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетуде діни көшбасшылар мен халықаралық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі, сондай-ақ бейбіт өмір сүрудің қазақстандық үлгісін сақтау, өскелең ұрпақты толеранттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығы туралы тезистерді оң қабылдады.

Акрамов Данил - КазАТИУ фотографы

 

Анықтама: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің даму Тұжырымдамасы Съезді одан әрі дамытудың жалпы көзқарасын, миссиясын, 2033 жылға дейінгі қызметінің мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.

Съезд халықаралық ұйымдардың, ұлттық үкіметтердің, үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми құрылымдардың өкілдерінің қатысуы үшін ашық діни көшбасшылар арасындағы диалог пен ынтымақтастықтың жаһандық алаңы ретінде дамитын болады.

Съезд үш жылда бір рет өткізіледі. 2003 жылдан бері Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жеті Съезі өтті.