2024 жылдың 30 қаңтарында бейнеконференцбайланыс форматында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы мен Бахрия университеті (Пәкістан) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум әрбір ұйымның тұрақты дінаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі күш-жігерін жандандыруды, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023- 2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын» ілгерілетуді, өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен, тәжірибемен алмасуды, бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыруды, кездесулер, форумдар мен конференциялар ұйымдастыруды көздейді.
Меморандумға қол қою рәсімі аясында Орталық Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев серіктестерді бейбіт қатар өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделімен таныстырды, сонымен қатар, Қазақстанның бастамасына – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне және Съезд Хатшылығының XXI отырысында қабылданған стратегиялық құжатқа ерекше назар аударды.
«Біздің бүгінгі іс-шарамыз географиялық шекарадан асып түседі және виртуалды кеңістік кез-келген халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы технология күшінің дәлелі болып табылады. Біз жаһандық ландшафт қойған сын-қатерлерді еңсере отырып, екі ұйымның білім беруді дамытуға, мәдениеттер мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністік пен диалогты нығайтуға деген ұмтылысын байқау қуантады», - деп Бахрия университетінің ректоры, вице-адмирал Асиф Халик атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин өзінің құттықтау сөзінде Пәкістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне, Орталық пен Бахрия университеті арасындағы меморандумға қол қойылғанына өте қуанышты екенін атап өтті.
Тараптар, осы Меморандумға қол қою, халықаралық деңгейде мәдениеттер, діндер мен өркениеттерді жақындастыру миссиясын бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.
Анықтама: Бахрия университеті Пәкістанның мемлекеттік университеті болып табылады, оны 2000 жылы Пәкістан Әскери-теңіз күштері құрды. Исламабад, Карачи және Лахорда орналасқан кампустардағы студенттер саны-21000. Times Higher Education (the) университеттерінің әлемдік рейтингіне сәйкес, Бахрия университеті әлемдегі ең үздік 250 жас университеттердің, сонымен қатар Азиядағы ең үздік 250 университеттің қатарына кіреді.