Жаңалықтар

Орталықтың Басқарма Төрағасы Астана қаласы мен Ақмола облысының "Возрождение" немістер қоғамы" ҚҰ төрағасымен кездесті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Астана қаласы мен Ақмола облысының "Возрождение" немістер қоғамы" ҚБ төрағасы А. Каилмен кездесті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев XXI Хатшылыққа қатысушылар қабылдаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын" іске асырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жеті съезі өткенін атап өтті. Олардың қатысушылары ең өзекті мәселелерді көтерді, діни және саяси көшбасшыларға бір-бірінің мүдделерін ескере отырып, өзара сыйластық негізінде кез-келген қайшылықтарды шешуге шақырды, әр адамның өз наным-сенімдерін еркін ұстану құқығын жақтады. Съездердің қорытынды құжаттары қазіргі әлемнің ең маңызды гуманитарлық, рухани және өркениеттік мәселелерін қозғады.

Өз кезегінде А.Каиль басқа елдерден үлкен қолдау тауып отырған этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар конфессияаралық келісім мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл туралы сөз байласты.