Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы - Қоғамдық кеңестің Төрағасы А.Құспан, ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-елшісі А. Шалқарбаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры М.-А. Сыдықназаров, адам құқықтарын зерттеу, инклюзия және азаматтық қоғам орталығының директоры Х. Әжіғұлова және т.б. қатысты.
Отырыс барысында ҚР СІМ-нің 2023 жылғы қызметінің нәтижелері туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко баяндама жасады. Сондай-ақ, ҚР СІМ ОЖ Комитеттері төрағаларының ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндамалары тыңдалды.
Имидждік жұмыс мәселелерін талқылау аясында Орталық Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленген «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы» құжатының ережелерін іске асырудағы Н.Назарбаев Орталығы мен ҚР СІМ-нің бірлескен жоспарлы қызметін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша «Қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары» бекітілді.