Жаңалықтар

Орталық Басқарма Төрағасы Қазақстанның қырғыз этномәдени орталығының Төрағасымен кездесті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстанның қырғыз этномәдени орталығының Төрағасы Ш.Исмаиловпен кездесті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дайындалған «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі ережелері туралы айтты. Құжат Съездің БҰҰ институттарымен және басқа да беделді халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығын тереңдетуді, серіктестер мен география аясын кеңейтуді көздейтіні атап өтілді.

Өз кезегінде Ш.Исмаилов басқа елдерде үлкен қолдау тауып отырған этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Астана халықтар арасындағы достықты нығайтудың орталығы мен көпірне айналатынын атап өтті.

Екіжақты кездесу шеңберінде тараптар дінаралық және мәдениетаралық диалог саласында одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.