Жаңалықтар

Орталықтың 2023 жылғы зерттеу жобаларының нәтижелері бойынша презентация өткізілді

Бөлісу

Биыл 7 желтоқсанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы «Қазақстан Республикасындағы діни конверсиялар: ағымдағы жағдайды талдау», «Діни құлшылық ету орындары: діни туризм және зиярат жасау тәжиірибелерінің қазіргі жай-күйін талдау», «Қазақстандағы исламдық бағыттар мен ағымдар: қазіргі жағдайы, әлеуеті, тәуекелдері мен қауіп-қатерлері» атты үш зерттеу жобаларының нәтижелері бойынша онлайн презентация ұйымдастырды.

Онлайн презентацияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің, өңірлік Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

Модератор рөлін Орталықтың Басқарма Төрағасының орынбасары Қарабаева М.С. атқарды, сонымен қатар, баяндамашылар Орталық қызметкерлері Иманмухамед Д.С., Ирисов А.Ж. және Сағынбек Г.Н. болды.

Презентация барысында баяндамашыларға зерттеулерді жүргізу кезеңінде анықталған проблемалық аспектілерге қатысты, сондай-ақ, оларды шешу жолдары мен ұсынымдар бойынша сұрақтар қойылды.