Биыл 4 желтоқсанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қасиетті Тақтың дінаралық диалогы бойынша Дикастериясы Ислам мәселелері жөніндегі Бюро басшысы Монсеньор Халед Акашемен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту Тұжырымдамасын одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруды талқылады.
2020 жылы қол қойылған Меморандумды іске асыру шеңберінде 2024 жылғы сәуірде Ватиканда Орталық пен Қасиетті Тақтың дінаралық диалогы бойынша Дикастерия арасындағы өзара түсіністік туралы бірлескен іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде, Монсеньор Халед Акаше жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Ватикан Съездің идеяларын және оның қорытынды құжаты – Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған Декларацияны ілгерілетуге қолдау көрсететінін атап өтті.
Анықтама: Монсеньор Халед Акаше, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I-VII Съездерінің, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің VI-IX, XI-XXI Хатшылықтарының қатысушысы; Съезд Хатшылығының Жұмыс тобының мүшесі болып табылады.