Жаңалықтар

«Діни сенім бостандығы және азаматтық жауапкершілік – Қазақстан мен АҚШ серіктестігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Бөлісу

2023 жылғы 2 қарашада Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің, LYN Community және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының қатысуымен «Діни бостандық және азаматтық жауапкершілік - Қазақстан мен АҚШ серіктестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Б. Сәрсенбаев, Caspian University Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Ю. Харькова, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері мен Қазақстанның діни бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Қатысушылар мәдениетаралық діни сауаттылық пен әлеуметтік бірлік, сондай-ақ, әйелдер құқықтары мен адами қадір-қасиет контекстіндегі діни бостандық сияқты қазіргі заманның өзекті тақырыптарын қозғады.
Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстанның өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілету, мәдени әртүрлілікті қолдау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауда өзара байланысты тәсілдерді әзірлеу және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ниетін білдірді.