10-12 қазан аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың ХХІ Съезд Хатшылығының қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Б.Сәрсенбаев Қытай буддистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары – Пу Чжэнмен және Қытай даосистер қауымдастығының Бейжіңдегі «Байюньгуань» ғибадатханасының қараушысы – Ли Синцзюньмен кездесуі барысында Хатшылық жұмысына Тайланд, Моңғолия, Қытай, Корея елдерінен, сондай-ақ даосистік ұйымнан келген буддистердің үлкен делегациясын ерекше атап өтіп, әріптестеріне ынтымақтастық, қолдау және Хатшылықтың жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
«Әл-Азхар Исламтану академиясының» Бас хатшысы Назир Мұхаммед Аядпен кездесуде Б.Сәрсенбаев «Әл-Азхар» Қазақстандағы ислам ілімі мен зерттеулерінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде әртүрлі дінаралық және мәдениетаралық іс-шараларды өткізу үшін бірлескен тұрақты комитет құру және екі жақтан үйлестірушілер тағайындау, сондай-ақ, 2024 жылы Каирде дөңгелек үстел өткізу туралы уағдаласты.
"Этникалық өзара түсіністік қоры" ҮЕҰ Президенті, раввин Марк Шнайермен кездесу аясында Орталық Басқарма Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ХХІ Хатшылығының қорытындыларына тоқталды. Сондай-ақ 2023 жылдың 6-шы ақпанында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Келесі кездесу барысында "Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің" Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Саламмен 2022 жылы қол қойылған меморандум шеңберінде Н.Назарбаев орталығы мен Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің екіжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 11 қазанда Астанада Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің Орталық Азиядағы филиалының ресми ашылу рәсімі өтті. Өкілдікті ашу идеясын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінде әл-Азхардың жоғарғы имамы Шейх Ахмед әл-Тайеб айтқан болатын.
Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаев, Әл-Азхар Исламтану академиясының Бас хатшысы Назир Мұхаммед Аяд, "Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің" Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам сөз сөйледі. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, Съезд Хатшылығының ХХІ ортырысының қатысушылары, дін қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.
«Король Хамадтың Бейбіт қатар өмір сүру жаһандық орталығының» Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Шейх Абдалл бен Ахмад Әл Халифамен кездесуде Съездің ХХІ Хатшылығының лейтмотиві болып табылатын конфессияаралық және мәдениетаралық бағыттың негізгі мәселелері белгіленді. Кездесу қорытындысы бойынша әріптестік қатынастарды нығайту және дамыту, дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Съездің XXI Хатшылығының отырысында Б.Сәрсенбаев «Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының» басшысы Халед Акашемен, "Somaiya Vidyavihar" университетінің ректоры Самир Шантилал Сомаямен кездесті.
Екіжақты кездесулер барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген "2023-2033 жылдарға арналған Съезді дамыту тұжырымдамасын" одан әрі ілгерілету, сондай-ақ дінаралық диалог саласындағы ынтымақтастық, бірлескен іс-шараларды, оның ішінде Съездің міндеттері мен тұжырымдамасын дәріптеу жөніндегі дөңгелек үстелдерді өткізу мәселелерін талқылады.
Жалпы, Съездің ХХІ Хатшылығының қатысушыларымен екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланып, екіжақты және көпжақты деңгейде одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттары белгіленді.
Хатшылыққа қатысушылар Қазақстанның табысты нәтижелерге ие мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жөніндегі бастамаларына, сондай – ақ, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың басшылығымен Съезд Хатшылығының XXI отырысын ұйымдастыруы мен өткізуіне жоғары баға берді.
Айта кетейік, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өтті. Онда әлемнің 23 елінен келген дін лидерлері мен өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қабылданған Декларациядағы мақсат-міндеттердің іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен іс-шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және тағы басқа діндер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.