Жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ ХХІ ОТЫРЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМАСЫ

Бөлісу

2023 жылғы 11 қазанда Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау жоспарлануда.

Съездің ХХІ Хатшылығының жұмысына Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және т.б. елдерден ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысады деп күтілеуде.

Өтетін күні: 2023 жылғы 11 қазан.

Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы.

Іс-шараның басталуы: сағат 09.00.

Журналистерді тіркеу үшін деректерді (1 қосымша) 2023 жылдың 29 қыркүйегінен кешіктірмей жіберуді сұраймыз. 

Отандық БАҚ: Бекбергенов Ренат,  74-07-22, r.bekbergenov@qogam.gov.kz 

Шетелдік БАҚ: Муташев Мейрам,  mfakzaccreditation@gmail.com 

Ескерту: Бейбітшілік және келісім сарайына А.Байтұрсынов көшесі  жағындағы қызметтік кіреберіс арқылы кіреді. БАҚ өкілдері сағат 8:00-ден 8:30-ға дейін келу керек.