Жаңалықтар

Түркияда Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Толеранттылық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы Ахмед бен Мұхаммед әл-Жаруанмен кездесуі өтті

Бөлісу

26 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Түркия Республикасында (Ыстамбул қ.) жұмыс сапары аясында Толеранттылық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы Ахмед бен Мұхаммед әл-Жаруанмен кездесті.

Кездесу барысында өткен жылдың басты халықаралық оқиғаларының біріне айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің қорытындылары талқыланды, онда Қазақстан әлемге мемлекет пен қоғам арасындағы толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет пен сенім идеяларына деген адалдығын көрсетті.

Басқарма Төрағасы VII Съездің идеялары мен оның Декларациясын одан әрі ілгерілету мақсатында орталық конфессияаралық және дінаралық қатынастар саласындағы әлемдік және беделді диалог алаңдарының жұмысына тұрақты негізде қатысатынын атап өтті.

Бүгінгі күні Н. Назарбаев Орталығы а.ж. 10-11 қазанында Қазақстан Республикасының астанасында өтетін Съезд Хатшылығының мерейтойлық XXI отырысына дайындықты бастағаны баса айтылды.

Тараптар ұйымдар арасындағы мәдениетаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.