Бүгін 21 сәуірде Maqsut Narikbayev Unıversıty студенттеріне, магистранттарына және профессор-оқытушылар құрамына арналған 2022 жылғы қыркүйек айында Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындысы бойынша Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың дәрісі өтті.
Іс-шараның мақсаты - бірегей диалог алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі негізгі месседждерін және рухани дін басшылар қабылдаған қорытынды Декларацияны аудиторияға жеткізу.
Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев қатысушыларды VII Съездің қорытындыларымен таныстырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттаудағы ерекше рөлін атап өтті: «Съезді өткізу біздің елімізде де, бүкіл әлемде де диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан саясатының маңызды бөлігі. Барлық алдыңғы форумдарда қабылданған Декларациялар радикализмді, зорлық-зомбылықты және қақтығыстарды қандай идеялармен қамтыса да, үнемі айыптады. Қазіргі күрделі шындықта бір үстелде отырған діни көшбасшылар бүкіл әлемге кез-келген келіспеушілікті жеңетін ізгі ниеттің үлгісін көрсетуі өте маңызды».
Сондай-ақ, биылғы жылдың 10-11 қазан күндері Астанада Орталық Төрағасы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы - Съезд Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың жетекшілігімен өтетін Съезд Хатшылығының XXI мерейтойлық отырысына дайындық барысы туралы аудиторияға таныстырды.
Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы діни көшбасшылардың, халықаралық ұйымдардың дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы күш-жігерін біріктіру қажеттілігі туралы, сондай-ақ бейбіт өмір сүрудің қазақстандық моделін қолдаудың, жас ұрпақты төзімділікке тәрбиелеудің маңыздылығы туралы тезистерді оң қабылдады.
Бұған дейін Съезд тақырыбына арналған дәрістер топтамасы Алматы, Түркістан, Қарағанды және Астананың жетекші жоғары оқу орындарында өткізілді.
Жалпы жоғарыда аталған іс-шаралар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII Съезінің идеяларын және оның Декларациясын насихатталуына, конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған.