2023 жылдың 1-3 наурызында Алматыға жұмыс сапары аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің қорытындысы және оның Декларациясы бойынша «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, магистранттары, PHD докторанттары үшін дәріс оқыды.
Іс-шараның мақсаты – бірегей диалог алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі мен қорытынды Декларациясының негізгі месседждерін аудиторияға жеткізу.
Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын бейбіт қатар өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындылары туралы айтып, оның халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті:
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік ұстанымы, әлемдік аренадағы процестерге деген жоғары жауапкершілігі - өркениетаралық және дінаралық диалогтың жаһандық халықаралық орталығы ретінде лайықты танылуы мен құрметіне ие болады», - деді Болат Сәрсенбаев.
Сондай-ақ, ғылым мен сапалы білім беру арқылы қалыптасатын толеранттылықты тәрбиенің маңыздылығы атап өтілді.
Айта кетейік, Съезд бойынша дәрістер Астанада - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Назарбаев университетінде, Түркістанда -Х. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді.
Сонымен қатар, сапар барысында Орталықтың Басқарма Төрағасы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед аш-Шахат Әл-Джиндимен, университет проректоры, Орталықтың Директорлар кеңесінің мүшесі Қ.Құрманбаевпен, Мысыр Араб Республикасы Президентінің діни кеңесшісі, Әл-Әзһар университетінің профессоры, танымал ғалым Усама Әл-Әзһаримен, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры З.Кабульдинов, Алматы қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Н.Кикимов, М. Қозыбаев атындағы ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының басшысы А. Сейтбеков, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры ҚР Р Д. Мәсімханұлымен екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер қорытындысы бойынша конфессияаралық және өркениетаралық диалог саласында одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, Н.Назарбаев Орталығы мен Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын, ғылыми жобалар, зерттеушілердің, ғалымдар мен екі ұйым қызметкерлерінің академиялық білімін кеңейту бойынша бірлескен ақпараттық және имидждік жобаларды іске асыруда жұмыс жасауға, талдамалық материалдар мен жарияланымдармен алмасуға, тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзара қызығушылық тудыратын басқа да іс-шаралар өткізуге ниетті.
Жалпы, жоғарыда аталған іс-шаралар әлемнің түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, конфессияаралық диалогты нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі идеяларын ілгерілетуге бағытталған.