2023 жылдың 27 ақпанында Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өтті. Израильдің «Яд Вашем» Апаты мен Батырлығы туралы Мемлекеттік ұлттық мемориалының маңызды бағыттарының бірі - Холокост кезінде өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан еврейлерді құтқарған "әлем халықтарының тақуалары" есімдерін мәңгілікке қалдыру. Мұндай адамдардың арасында көптеген дипломаттар болды, олар бүгінгі күнге дейін дипломатиялық қызметтің жоғары идеяларына үлгі болып келеді.
Бұл іс-шара Израиль Мемлекетінің ҚР-дағы Елшілігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы өкілдігі, Португалияның ҚР-дағы Елшілігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасында өткізілді.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға Қазақстандағы аккредиттелген дипломатиялық корпус, дін қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс – шара аясында Португалияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, көрнекті дипломаттың ұрпағы Мария де Фатима Велес де Андраде Мендешке «Тақуа Дипломат» маркасы табысталды.
Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев шам жағу рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, іс-шарада қазақстандық суретші Константин Миркобтың Холокостқа арналған жұмыстары ұсынылды.
Анықтама: 1998 жылы Израильде «Тақуа дипломаттарға» арналған марка шығарылды.
Олардың арасында португалдық дипломат, әлемнің тақуа адамы Аристи́деш де Со́уза Ме́ндеш ду Амара́л-и-Абра́ншеш бар. Португалияның Бордодағы бас консулы ретінде 1940 жылдың 16-23 маусымы аралығында нацистік шабуылдан қашқан адамдар үшін 30 мыңнан астам визаны мақұлдады. Олардың 12 мыңға жуығы еврейлер болды