Жаңалықтар

Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі қазақстан-американдық сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев бейнеконференцбайланыс режимінде діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі қазақстан-американдық сараптамалық жұмыс тобының бесінші отырысына қатысты.

Отырыста ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі елшісінің арнайы тапсырмалар жөніндегі орынбасары Карсон Релиц Рокер, Элизабет Кларк (Бригам Янг ат. университет), Элизабет Кэссиди (USCIRF), "LYN Community" ҮЕҰ Президенті Уэйд Кусак сөз сөйледі.

Өз кезегінде орталықтың басқарма төрағасы Б. Сәрсенбаев Вашингтон қаласында АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен жыл сайынғы 71 ұлттық дұға таңғы асына қатысқаны туралы, оның шеңберінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің идеялары және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары қабылдаған қорытынды Декларациясының мақсаттары мен міндеттерін таныстырғаны жайлы айтты.

"Кездесудің барлық қатысушылары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезін шақыру жөніндегі бітімгершілік бастамасына ерекше ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, кездесулерге қатысушылар VII Съезд жоғары мазмұнды және логистикалық деңгейде ұйымдастырылған, декларацияға енгізілген месседждердің мазмұны бойынша БҰҰ ретіндегі жаһандық халықаралық алаңдардың күн тәртібіне сәйкес келеді деп айтқандығы жөнінде", -Б.Сәрсенбаев атап өтті.

АҚШ-қа сапар аясында Орталық пен Этникалық өзара түсіністік Қоры арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға Президент М.Шнайер тарапынан қол қойылды. Сонымен қатар, "Еуразияның еврей қауымдастықтарын қолдау жөніндегі Ұлттық комиссия", " Religions for Peacе" ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Жалпы, жұмыс тобының мүшелері Қазақстандағы діни сенім бостандығы, дін саласындағы заңнама, сондай-ақ Қазақстандағы діни бірлестіктермен жұмыс туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы аясында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасында дін саласында екіжақты өзара әрекеттесудің маңыздылығы жайлы ортақ пікірге келді.