Бейнеконференция-байланыс режимінде Болат Сәрсенбаев Бразилия планетарлық одағының Президенті Улиссис Ридель де Ресенде және Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповпен кездесу өткізді.
Онлайн-кездесу барысында Орталықтың Басқарма Төрағасы Улиссис Ридельге олардың өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысқаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Орталық пен Планетарлық одақтың конфессияаралық саладағы өзекті мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде Планетарлық Одақ Президенті Қазақстанның мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады.
"Біздің кездесуіміз екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында өтіп жатқаны қуантады",-деп атап өтті Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Б.Нүсіпов.
Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін ұйымдар арасында меморандумға қол қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Анықтама: Бразилия планетарлық одағы (União Planetária) - әлеуметтік, білім беру, экологиялық салалардағы жобаларды әзірлеуге арналған үкіметтік емес, коммерциялық емес азаматтық қоғам ұйымы.
Улисис Ридель басқаратын «TV-Supren» телеарнасы да коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның негізгі қызметі әлеуметтік құрылымдарды жаңарту және азаматтық ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін жаһандық қозғалысты біріктіруге және қолдауға бағытталған. Телеарна бүкіл әлемдегі бейбітшілік, қоршаған ортаны қорғау, ынтымақтастық және басқаларға деген құрмет сияқты этикалық құндылықтарды нығайтуға шақыратын бағдарламаларды таратады.
Планетарлық одақтың негізін қалаушы Улиссис Ридельдің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне (2018 ж.) қатысты. Планетарлық одақтың Президенті Исис Мария Боргес де Ресенде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII (2022 ж.)Съезіне қатысты.