Жаңалықтар

Канададан келген делегация Н. Назарбаев Орталығында болды

Бөлісу

2022 жылғы 26 қарашада Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы алаңында Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Канада Премьер-Министрінің ЕО және Еуропадағы арнайы өкілі, Канаданың Франциядағы Елшісі Стефан Дионмен, Канаданың ҚР-дағы Елшісі Алан Хамсонмен, саяси талдаушы, Канада Премьер-Министрінің ЕО және Еуропадағы арнайы елшісінің кеңесшісі Дженна Мартинуццимен және Қазақстандағы Канада Елшілігінің саяси кеңесшісі Әлия Есімсейітовамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Б. Сәрсенбаев Қазақстан мен Канада арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, екі мемлекет саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда достық және өзара тиімді әріптестікті дамытып жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан достықтың берік байланыстарына, ортақ құндылықтар мен өзара қолдауға негізделген Канадамен көп қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын айтты, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл ретінде жоғары қонақтарды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің қорытындыларымен, декларацияның негізгі ережелерімен таныстырды.

Өз кезегінде делегация өкілдері Қазақстанның мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетудегі тәжірибесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, тараптар Канада өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Хатшылығы мен Съезі жұмысына қатысу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында Канададан келген делегация үшін Бейбітшілік және келісім мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

 Анықтама: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің жұмысына делегация басшысы, Канаданың экс - Премьер-министрі Жан Луи Кретьен қатысты.