Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Марокконың ҚР-дағы Елшісімен кездесті

Бөлісу

 Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасындағы Марокко Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Рашид Маанинмен кездесті.

Кездесу барысында келесі жылдың көктемінде Марракеш қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің маңыздылығын және оның идеяларын талқылау, сондай-ақ VII Съездің қорытындысы бойынша қабылданған декларацияны белсенді ілгерілету бойынша бірлескен іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мәселесі талқыланды.